Ақбота Керімбекова жайлы сөз болса болды оны 3 рет тұрмысқа шыққан деп жұрт сөге жөнеледі. Бірақ әншінің бұлай дейтіндерге берер өз жауабы бар.
«Мен бір еріккеннен үшінші рет тұрмысқа шығып жатқандай айтады. Қалай болғанда да ол менің жеке өмірім. Менен басқа 4-5 рет байға тиген әйелдер жетіп артылады ғой. Көпшілік мені журналистерді тойыма шақырып, әдейі мақтанғым келді деп айтып жатыр. Ол қате ақпарат. Мен ешбір ақпарат өкілін шақырған емеспін», – деді Керімбекова The Эфир бағдарламасына берген сұхбатында.