Алматыда «Шаңырақ» ықшам ауданында осыдан 5 күн бұрын жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды.
Полицейлер 4 жасар баланы 1 жарым метр тереңдігі бар кір су төгетін шұңқырдан тапқан.
Еске сала кетейік, 17 мамыр күні «Шаңырақ» ықшам ауданында 4 жасар баланың жоғалып кеткені жайлы ақпарат тараған еді. Түсте шығып кеткен баланың жоғалғанын кешке жұмыстан анасы келіп бір-ақ білген.
Бүлдіршінді 100-ден аса полиция қызметкері іздеді.