Алматыда 300 мың теңгенің ноутбугын ұрлап кетті. Ұры сол ғимараттың бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Аталған видеоны мүлік иесі әлеуметтік желіге жүктеп, ұрыны табуға көптен көмек сұрады.
Видеокадрларда ұрының сұлбасы анық көрінеді. Ол есіктен кіріп, столда тұрған ноутбукты шешіп алады да, қойнына тығып, қайта шығып кетеді.
Автор ноутбуктың Lenovo фирмасынан екенін және оның 300 мың теңге тұратынын жазған.