Асхат Тарғын өзінің бірінші некесінен туған қызын концерттерге жиі алып шыққанымен, әйелі жайлы тіс жарып айта қоймады. Қайда барса да алдынан кесе көлденеңдеп шығатын сұраққа әнші бұл жолы еркін жауап берді.
«Алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің шыны керек. Басында жас болдық. Балалық болды. Әке-шеше үйлен дегеннен кейін үйлендік. Кейін бір-бірімізді түсінісе алмайтынымызды білдік. Небәрі 3 жыл бірге тұрдық. 1 қызымыз бар. Отбасыны сақтай алмадық. Мен үйдің кішісімен. Ата-ананы бағу керек. Ол кісі олармен бірге тұрғысы келмеді. Ажырастық», – деді Тарғын 7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында.
Айта кетейік, Асхат Тарғын былтыр Әлия деген қызбен екінші рет отбасын құрған болатын. Олардың ортақ некелерінен бүгінде 1 ұл бала бар.