«Қалаулым» бағдарламасында дәл эфирдің соңғы уақытында Аша Матайдың көзіне кенет жас үйіріліп, студиядан шығып кетті.
Әнші әрі актриса эфирде денесінің 50 пайызын қатерлі ісік зақымдаған Алима Көпейдің жағдайын көпшілікке айтып, оған көмек беріп, дұғада болуға шақырған. Бүтін бір отбасының ауыр тағдырын жүрегіне жақын қабылдаған әнші өз қызын да ойлады ма екен, көзіне жас алып, көрермендерімен тез қоштасып, студиядан шығып кетті.
Еске сала кетейік, Алима Көпей есімді бүлдіршіннің парақшасына 180 мыңнан астам адам жазылған. Қазір балақай арнайы аппаратта жатыр. Ес түсін білмейді. Ал Алиманың емдеп жатқан профессор Ю оның алғашқы химиотерапияны ауыр көтергенін айтыпты.