Рамазан айында мешітте садақа жәшігін ұрлап кетті. Ұрлықтан кейінгі сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жүр.
Мешіт қызметкерінің айтуынша, ұрылар Алматы облысы Қырбалтабай ауылының мешітіндегі садақа жәшігін ішіндегі ақшасымен бірге ұрлаған.
«Бір кісілер мешітте ілініп тұрған садақа жәшігін жұлып алып кетіпті. Рамазан айында қалай мұндайға барғандарын білмеймін. Жүректеріне иман берсін», – дейді автор.
Айта кетсек, қасиетті Рамазан айында кейбір мешіттерде аяқ киім де ұрланған болатын.