$ 494.87  520.65  4.91

«Түсінбесең хабарлас»: Желі қолданушысынан сөз естіп қалған Т.Бердіоңғаров оны «жекпе-жекке» шақырды

Бұған дейін Мәжіліс депутаты, ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарып, қазір блогер боп жүрген Тәңірберген Бердіоңғаров Facebook қолданушысынан сөз естіп, оны кездесуге шақырды.

Насыбайға бола көңілі қалатын қазақпыз ғой, бұл жолы желі қолданушысы мен экс-депутаттың ерегісіп қалуына да тура осы насыбай себеп болып отыр. Нақтырақ айтсақ, Тәңірберген Бердоңғаровтың насыбай туралы түсірмек болған видеоматериалы. Блогер Алматыдағы «Алтын орда» базарына барып, насыбай сатушыларын түсірмек болыпты. Алайда, базар күзетшілері оны қуып шыққан. Мұны экс-депутат заңсыз деп отыр.

Ал, Азамат Көшенов есімді желі қолданушысы сол заңдарды депутат кезінде өзі де қабылдағанын айтып, бетіне басты.

«Өзің депутат боп отырдың, жұмыс істемейтін заңдарды өзің қабылдадың. Енді өзге елде тұрып жатқан адам сияқты таң қалып жүрсің. Біртүрлі адам екенсіз, бұрынғы депутат», - деп пікір жазды ол аталған видеоға қатысты.

Бердіоңғаров намыстанып кетсе керек, заңдар Парламентте қабылданғанымен оны атқарушы билік орындауы керек екенін айтты. Кейін өзінің телефон номерын жазып, Азамат Көшеновті «жекпе-жекке» шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары