$ 448.89  477.93  4.76

1 бөлмелі пәтерлер бағасы арзандауда

Құны бойынша еуропаны шаң қаптырған Алматыдағы пәтер бағасы құлдилай бастаған сыңайлы. Қазір ескі үйлердегі бір бөлмелі баспана 42 мың доллар көлемінде, – деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Делдалдардың айтуынша, бұл бес жылдан бері болмаған жағдай. Оған алдымен маусым айына дейін ипотекалық несиенің берілмеуі себеп болса, екіншіден мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің артуы ықпал етіпті. Жылжымайтын мүлiк агенттiгiнiң директоры Көптілеу ЖАЛМАХАНОВ бағаның арзандауына үшінші бір себеп бар.  Оның айтуынша инфляцияға байланысты Қазақстаннан көп қаражат Ресейге кетті. Халық көлік алды, шекарада тұратындар пәтерлер алып қойды. Алты айдың ішінде үйдің арзандауына осы үш фактор әсер еткен. 


Тиісінше ағымдағы алты айда еліміз бойынша жылжымайтын мүлік өтімділігі 20 пайызға өскен. Бұл былтырмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Мамандар оны маусым айынан бастап ипотекалық несиенің беріле бастауымен түсіндіреді. Өйткені мамырмен салыстырғанда маусым айында сатылым көлемі бірден 20 пайызға артқан. Егер ипотекалық несие беру жалғасса, шаршы метрдің құны аздап көтерілуі мүмкін. Дегенмен, «баға енді шарықтамайды», - дейді мамандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары