4 жасар Аяна бірнеше жылдан бері көмей папилломатозы ауруымен күресіп келеді. Бүлдіршіннің анасы кезекті отаны Корея елінде жасатуға 1 жарым миллион теңге жетпей жатқанын айтады. Ол әлеуметтік желі арқылы видеоүндеу жолдап, халықтан көмек сұрады.
Оның айтуынша, Аяна бұл дертке 8 айлығында шалдыққан. Содан бері қызға 6 мәрте ота жасалыпты. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Осы уақытқа дейін бірнеше дәрігердің қарауында болса да ешбірі дерттің емін жасай алмаған. «Алла разылығы үшін, сіздерден көмек сұраймын. 100 теңге, 200 теңге болса да тастасаңыздар. Қызымның өзі де "Дәріні ішіп жазылып кетейінші. "Әумин" деп айтшы" деп жылайды. 1 жасынан бастап операция жасап келеміз. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Енді Корея еліне апарып емдетсек деп отырмыз. Соған 1 жарым миллион теңге қаражатымыз жетпей отыр. Көмектессеңіздер деймін. Қызыма обал, ұйықтағанда тұншығады. Демала алмай қалады», – дейді жылаған ана.