$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда дәмханада баукеспе әйел ер азаматтың әмиянын ұрлап кетті (ВИДЕО)

Қарағандыда базардағы дәмханалардың бірінде баукеспе әйел ер азаматтың әмиянын ұрлап кетті. Осы сәт сол жердің бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Оқиға бүгін таңертең болған. Дәмханаға тамақтануға кірген ер адам шылым шегуге сыртқа шығып кетеді. Сол мезетте көрші үстелде отырған әйел әмиянды сондағы бір жігіттің қолына ұстатып жіберген.

Әмияны ұрланған ер азаматтың әйелі оның ішінде барлық құжаттар мен несиеге төлейтін ақшаның болғанын айтып, оны табуға әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұрады.

«Сәлеметсіздер ме! Менің күйеуімнің әмиянын базардағы дәмхананың бірінде бір қыз ұрлап кетті. Күйеуім досымен бірге сыртқа темекі шегуге шыққан екен. Видеодан көрініп тұрғандай, әлгі әйел әмиянды өз үстеліне қойған. Мүмкін оны танитындарыңыз бар шығар. Полиция қызметкерлерін шақыртқан, бірақ олар ұры әйелді таба алмайтындарын айтыпты. Бейнежазбада бәрі көрсетіліп тұр емес пе? Қалай таба алмайды? Ол жерде құжаттар мен несиеге төлейтін ақша бар еді», – деп жазады жәбірленуші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары