$ 498.34  519.72  4.85

Qazaq тағы да кешікті

Qazaq Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтар алғаш рет тамыз айының басында әуеге көтеріледі деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазір Qazaq Air рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеп аяқтау үстінде. Компания өкілдері тамыз айының бірінші аптасында Qazaq Air ұшақтары әуеге көтерілетінін айтып отыр.

Естеріңізге салайық, Qazaq Air компаниясының тұсауы 6 шілде күні кесілген болатын. Шараға қатысушылар компанияға тиесілі жаңа Bombardier Dash 8 Q400 ұшағында болып, алдағы жұмыстар барысымен танысып қайтты. Ол кезде алғашқы ұшырылым 20 шілде күні орындалады деп хабарланған еді. Алайда,Qazaq Air айтылған уақыттан кешігіп ұшатын болды. Қазіргі уақытта құжат рәсімдеу жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты бұл мерзім кейінге шегерілді. Компанияның алғашқы ұшағы Алматыдан Павлодарға ұшып баруы тиіс.

Айта кетейік, Qazaq Air әуе компаниясы 12 бағыт бойынша ұшуларды орындайды, олардың барлығы да ішкі рейстер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары