$ 494.87  520.65  4.91

Такси ақысын жыныстық қатынаспен өтеген әйел «зорландым» деп шу шығарды

Ресейдің Омск қаласының тұрғыны такси ақысын жыныстық қатынаспен өтеп, артынша полицияға «зорландым» деп шағым түсірген. 37 жастағы әйел ер адамның өзін лифтте зорлап, телефонын ұрлап әкеткенін айтыпты. Бұл туралы Life.ru жазады.

Тексеру барысында зорлады деген адамның такси жүргізушісі екені анықталған. Алайда оның берген жауабы әйелдікімен мүлдем сәйкес болмай шығады. Ер адамның айтуынша, ол әйелдің телефонын мүлдем алмаған.

Такси жүргізушінің жауабынан ұққанымыз, оны жолдың бойында ішімдікке сылқия тойып алған әйел тоқтатып, үйіне жеткізіп салуын өтініпті. Бірақ діттеген жеріне келген клиенттің таксиге беретін ақшасы болмаған. Содан әйел жол ақысын жыныстық қатынаспен өтеуді ұсынады. Такси жүргізушісі одан ақша талап етпестен, келісе салған.

Кейіннен белгілі болғандай, әйелдің денесінен зорлау белгілері анықталмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары