Белгілі актер Снажар Мәди мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған қыз туралы шындықты айтты.
Актердің сөзіне қарағанда, тұтқындалған бойжеткен сол оқиғаның куәгері емес, екі автоұрының сыбайласы болып шыққан.
«Қазіргі уақытта үшінші күдіктіге қатысты дау туып жатыр. Пікір қалдырғандар көп. Алайда ондағы дүниелер бос сөз, ақымақтық десе де болады. Көпшілік қызды еш кінәсіз тұтқындағанын айтуда. Бірақ, достар, ол куәгер емес, ол – сыбайлас. Оны сыбайлас ретінде тұтқындады.Ол сол банданың ішінде болған. Сондықтан қандай да бір мәлімет шықса, хабарласыңыздар. Қорықпаңыздар», – деп жазды актер.
Санжар Мәди сол оқиғаға байланысты куәгерлерді әлі де іздестіріп жатқанын айта кетті.
Айта кетсек, 19 шілде күні Алматыда Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі жігіт Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Салдарынан спортшы көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.