$ 498.34  519.72  4.85

«Сайран» автовокзалының қайта жөндеуден кейінгі көрінісі қандай болады?

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі «Сайран» автовокзалын шаһардың тарихи-мәдени нысандарының қатарына қосуды тапсырған болатын. Содан бері ескі автовокзал маңында күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасында «Сайран» автовокзалының қайта жөндеуден кейінгі көрінісі қандай болатынын жария етті. Автовокзал аумағында көлік логистикасы салынып, вокзал маңын мен жаяу жүргінші аумағы кеңейтіледі. Жоба бойынша субұрқақтар, автотұрақтар, жасыл аймақ пен балалар алаңын салу қарастырылған. Сондай-ақ вокзал алаңындағы заңсыз құрылыстарды жою жоспарланған.

«Жанармай құю стансасы мен көлік жуатын орынды бұзу туралы келісім жасалды. Басты міндет - автовокзал ғимаратын бастапқы қалпына келтіру», - деп мәлім етті басқарма өкілдері.

Автовокзалда түбегейлі өзгерістер болмайтындықтан, ғимараттың сыртын өзгерту әзірге жоспарда жоқ. 1983 жылы салынған, 60 мың шаршы метрде орналасқан автовокзалдың 7 мың шаршы метр аумағы жөндеуден өтпек. Вокзалдың алдыңғы жағын ағаштар тасалап қалмасы үшін, ол жерге тал егілмейді.

Айта кетсек, маусым айында «Сайран» автовокзалы ғимаратының Алматы қаласының тарихи-мәдени мұрасына кіретіндігі айтылған еді.

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын- ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі.

Обьектінің мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.

Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары