#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Алдын-ала төлем 25 мың теңге»: Қазақстанда ұрық сатуды табыс көзіне айналдырған еркектер көбейген

Белсіздік пен бедеулік - 21-ғасырдың басты проблемасы. Дегенмен, бала көтерудің түрлі жасанды жолдарын тауып, кез келген адамға ата-ана атану бақытын сыйлауға атсалысып жатыр. Осы орайда табиғаттың берген сыйын, бизнес көзіне айналдырған еркектер елімізде артып келеді. NUR.KZ желідегі хабарландыруға шолу жасайды.

Желіде «Баласы жоқ отбасыларға немесе жалғызбасты әйелдерге сәбилі болуға көмектесуге дайынмын», - деген жарнамалардан көз сүрінеді. Жарнама берушілердің көпшілігі бірнеше баласы бар отбасылы еркектер мен ақша табудың жаңа көзін тапқан жігіттер.

Бала сүйіп, ата-ана атану кейбіреулер үшін арман болса, енді біреулер үшін оңай пайда көзі болып отыр. Жігіттердің басым көпшілігі жасанды немесе табиғи жолмен жүкті болуға көмектесуге дайын. Әрине, бұл үшін олар қомақты қаражат сұраудан қымсынбайды.

Мәселен, Ғани есімді жігіт: «Жасым 25-те, бойым 175, салмағым 64 келі, метиспін, анам – өзбек, әкем – қазақ, екі балам бар. Спермаға донор болуға дайынмын. Алдын ала төлем 25 мың теңге», - деп жазған.

Жоспарлы түрде қыз немесе ұл бала болғанын қалайтындар үшін де ұсыныстар аз емес. Желіде «үш ұлдың әкесімін, тағы да ұл болатынына кепілдік беремін», - дегендерді де табасыз.

Айта кетейік, жарнама беруші жігіттердің көпшілігі бірнеше рет донор болғандарын да жасырмайды. Тіпті, кейбіреулері өзгеге өз ұрығын сыйлау арқылы күн көріп жүргенін де жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары