$ 443.37  474.49  4.83

Балаларын жетімдер үйіне өткізіп жіберген әйел оларды өз қолына қайта алу үшін көмек сұрайды

Бір кездері асырауға мүмкіндігі болмай үш баласын жетімдер үйіне берген 35 жастағы ақтаулық әйел өз перзенттерін қайта қолына алғысы келеді деп жазады Тumba.kz.

Сұлухан тұрмысқа 15 жыл бұрын шыққан екен. Қатарынан үш перзент дүниеге әкеліпті. Жанында сүйеніші күйеуі болғандықтан ол уақытта қиыншылықты сезбеген.

Алайда, 7 жылдан соң күйеуі науқастанып қайтыс болып кетеді. Отбасының бар ауыртпалығы Сұлуханға түскен. Жұмысқа шығу үшін әйел балаларын жетімдер үйіне уақытша өткізуге тура келіпті. Баспана мәселесін шешкен соң балаларын өзіне қайтарып алармын деп ойлаған.

«Бар мәселем шешілетіндей қолымда қаржы болғанда ғой. Балаларымды қатты сағындым. Ақша болмаған соң да оларға жиі бара алмаймын. Өз ішіңнен шыққан перзенттеріңсіз өмір сүру қандай қиын еді. Сол себептен жүрегі кең жандардан көмек сұраймын», – дейді үш баланың анасы.

Қазір Сұлухан Ақтаудағы 3-шағынауданда қонақүйде жатыр. Әлдебіреулер уақытша тұруға көмектескен екен.    Әйел егер балаларын қолына алып жатса, басқа пәтерге көшетінін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары