#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Аурудың алдын алу: БҚО-да қора-қопсы залалсыздандырылуда

Биылғы алты айлық жоспар бойынша БҚО-да 316 мың ірі қараның 303 мыңы бруцеллезге зерттеліп (96%), оның 4,8 мың бас оң нәтиже (1,5%) көрсетті. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда сәл де болса аздау.

– Бруцеллез ауруымен күресудің басты жолдары оң нәтиже көрсеткен малдарды лабораториялық зерттеулер арқылы анықтап, оларды сау малдан оқшаулап, 15 күннің ішінде мал сою орындарына өткізу болып табылады. Аталмыш жұмыстарды жергілікті жерде аудандық мал дәрігерлік станцияларының, мал дәрігерлік бөлімдерінің мамандары мен мал иесі атқарады. Бұл жерде арнайы санитарлық ережені айта кеткен жөн. Егер сойған жануарда паталогиялық өзгерістер болса, онда бруцеллезге шыққан малдың еті консерві немесе шұжық жасауға, яғни қайта өңдеуге тапсырылады. Ондай жағдайда малдың нарықтағы құнының 30 пайызы бюджет есебінен төленеді. Қалған 70 пайызын малды союшы мекеме береді. Ал мұндай өзгерістер болмаған жағдайда, сойылған малды 12 сағат салқындатып, ет ашық саудаға жіберіледі және бюджеттен шығын төленбейді. Тек малды сойған мекеме мал иесімен сатып алу бағасы бойынша есептеседі. Бұл бағытта биыл 3092 бас ірі қара және 89 бас ұсақ мал сойылды, – дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетов.

Соңғы кезде бұл дертке Ақжайық ауданының малдары жиі шалдығуда. Биыл ауданда 305 ірі қарада бруцеллез ауруының белгілері анықталған. Соған орай аудан аумағындағы 64 қора-қопсы залалсыздандырылуда. АШМ Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Азамат Алхамбетовтың айтуынша, түрлі себеп айтып, ауруға шыққан малын мезгілінде оқшауламай, санитарлық союға тапсырмайтындар бар. Сондықтан жыл басынан бері Чапаев ауылында үш, Тайпақта төрт, Базаршолан мен Ақсуатта барлығы алты, Сарытоғай, Мерген, Бударин және Базартөбеден барлығы  төрт  тұрғынға 20 АЕК яғни, 48400 теңгеден айыппұл салынды. Сондай-ақ ірі қара малын ектірмегені үшін Ақсуаттан бір тұрғын айыппұл арқалады.

Ернар ХАЙДАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары