$ 498.34  519.72  4.85

Алматы әлемдегі қауіпті қалалардың тізіміне енді

Әлемдегі қылмыс көрсеткішін есептеумен айналысатын Numbeo сервисі 2018 жылдың «криминалды» рейтингін жариялады. Онда әлем қалаларындағы қылмыс деңгейі көрсетілген деп жазады Sn.kz.

Тізімге барлығы 327 қала енгізіліпті. Олардың арасындағы ең қауіпсізі – Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Абу-Даби. Мұнда қылмыс деңгейі 13 пайыздан сәл ғана асса, қауіпсіздік көрсеткіші 86,37 пайызды құрап отыр.

Қауіпсіз қалалардың үштігін Катар астанасы Доха мен Швейцариядағы Базель қалалары қорытындылаған. Ал, үздік ондықта Сингапур, Квебек, Осака, Токио, Берн, Мюнхен және Цюрих қалалары бар.

Ең қауіпті қала ретінде мамандар Гондурастағы Сан-Педро-Суланы атады. Мұндағы қылмыс деңгейі 85,18 пайызға жеткен. Ал, «қара тізімнің» үштігін Венесуэла астанасы Каракас (82,55%) пен Папуа Жаңа Гвинея астанасы Порт Моресби (80,68) қалалары түйіндепті.

Бұл тізімнен Алматыны да көруге болады. Қаладағы қылмыс деңгейі адам шошырлық деңгейде болмағанымен «оңтүстік астанамыз» криминалды қалалардың тізіміне енгізіліпті. Рейтингтің 216-сатысына жайғасқан Алматыдағы қылмыс көрсеткіші 50,06 пайызды құраған. Ал, қауіпсіздік болса 49,94 пайыздық деңгейде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары