$ 482.86  533.17  5.08

Шымкентте автоұры полицейді пышақтап тастаған

Шымкентте полиция қызметкерін пышақтап тастады. Жергілікті Ішкі істер департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға күдіктіні ұстау кезінде болған.

Тәртіп сақшылары қала көшелеріндегі тыныштықты бақылап жүрген кезде автотұрақта күдікті адамдарды байқап, оларға қарап жақындайды. Сол кезде күдіктінің бірі қаша жөнелген. Оны қуып жеткен полицей айтарлықтай қарсылыққа тап болыпты. Ер азамат құқық қорғаушыға жұдырығымен бірге пышағын да ала жүгірген. Тіпті, суық қаруды бірнеше рет сұғып та үлгеріпті. 

Жараланғанына қарамастан полиция қызметкері арнайы спорттық әдіс қолданып, күдіктіні залалсыздандырған. Артынша, әріптестері келіп, бұзақыны полиция бөлімшесіне алып кетті. Ал, жаралы тәртіп сақшысына медициналық көмек көрсетілген.

 

Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оларға қатысты «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары