Жасыратыны жоқ, жаңа Жолдауды ел болып, жасы да жасамысы да бір ауыздан қолдап, үн қосуда. Елдің әлеуетінің жарқын жолын айқындап берген Жолдаудың мән-маңызы тереңде, көңілге қонымды дейді жезқазғандық еңбек және тыл ардагерлері.
Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатының жақсы болуы жолында барлық саланы қамтитын ауқымды бағдарлама ұсынды.
Әсіресе әлеуметтік салаға, білім, денсаулық, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами каптиалды дамытуға бағытталған бұл Жолдау бәріміздің көңілімізді көтерді дейді Жезқазған қаласы «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айып Байқасынов.
Мұғалім мәртебесін бекітіп, барып кел, шауып кел әдісін тоқтауды тапсырды, жас мамандарды қоғамға көптеп тарту бұл дегеніміз Тәуелсіз еліміздің болашағын бұдан жарқын ететін кадрлар.
Төменгі жалақының 1,5 есе өсуі, ел тұтқасын ұстайтын жас ұрпақ өнегесі мен біліміне өлшеусіз үлес қосып, ел болашағын тәрбиелейтін мұғалімдердің абыройын заңмен белгіленуі, жас буын өкілдеріне сенім арту, отандық өнімдерді қолдау, ауылды көркейту, туризм саласын дамыту сияқты тың бастамаларға ардагерлер дән риза.
Еңбек ардагерлері, қаламыздың Құрметті азаматтары Рақым Арыстанбаев, Лариса Бутина Жолдауға кеңінен тоқталып, алдағы уақытта да бірнеше кездесулерлерді жүйелі түрде өткізіп, Президент тапсырмасының іске асуына қолдау жасап, жұмыстар жүргізетіндерін жеткізді. Кездесуге қатысқандар Елбасы Жолдауы – дамуға бастайтын даңғыл жол деп ойларын түйіндеді.
Ізтөлеу ТҮСІПОВ