Ұлт көшбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қалымыздың жоғарғы және орта оқу мен жалпы орта білім беретін мектеп жастарының арасында «Туған жерім – туған елім» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті. Бұл шараның басты ұйымдастырушылары – «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Шындық» қоғамдық бірлестігі.
Бұған дейін жоғарыда аталған мекеме мен бірлестік «Менің сүйікті өлкем – менің өлкем» жобасы бойынша қаламыздың еңбек ардагерлері мен жастарын Жезқазған қаласынан 70 шақырым жерде орын тепкен «Теректі» Әулие жеріне саяхат ұйымдастырған болатын. Енді сол жобаның бір бөлігі яғни жалғасы жастардың туған жерге деген сүйспеншілігін, патриотизмді насихаттау, ел мен жер тарихын білу, қадір тұту, оның басқа өлекеден айырымашылығын, өзі тән тылсым күшін, көпшілік біле бермейтін таңғажайып құпияларын жаңа қырынан ашу, туған жердің шежірелі тарихына терең үңіліп, мәртебесін дәріптеу мақсатында өтіп отыр.
Шығарма жазуға ниет етіп, алдын ала өтініш берген жастардың саны өте көп болғаны қуантты. Байқауға қатысушыларға аймақтық «Сарыарқа» газеті редакциясының бас редакторы ізгі тілегін арнап, шығарма тақырыбы мен конкурстың тәртібін жан-жақты түсіндірді.
«Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, танымал журналист Абдолла Дастанов өз кезегінде Елбасының 5 қазандағы Жолдауында туған өлекеміздің қадір-қасиеті жайлы айтқан бастамасына тоқталып, Отанды жан-тәнімізбен сүйіп, туған жерімізбен мақтанып, оған адал перзент болуымыз керек деп жастарға шабыт берді.
Ізтөлеу ТҮСІПОВ