$ 494.87  520.65  4.91

«Түйе етін жеп қойдым»: Қызылордалық әйел баласын ішінде 11 ай көтерген

Қызылордалық Қарлығаш есімді әйел баласын ішінде 11 ай бойы көтеріпті. Өйткені, жүкті кезінде түйе етін жеп, шұбатын ішіп қойған деп жазады Nur.kz.

«Мен Қызылорда қаласында туып-өскенмін. Тұрмысқа шыққаннан кейін ауылда тұрдық. Қазір Арал ауданында тұрып жатырмыз. Бұл жақта ауыл адамдары көбінесе мал шаруашылығымен айналысады. Мен түйе етін өмірі жеп көрмегенмін, тіпті оны тек теледидардан ғана көріп өскенмін», – дейді Қарлығаш.

Айтуынша, әйел бірінші ұлына жүкті кезінде түйе етін жеп қойған екен. Сөйтіп нәрестені 11 ай бойы көтеріп, әрең босаныпты. Іші үлкейіп, жүре алмай қалған.

«Қайын атам ырымға көп сенетін. Сол кісіге түйе етін жеп қойғанымды айтқанымда басын шайқады. Ертесінде атамның қалауы бойынша, таңертең жатқан түйенің үстінен аттадым. Сөйтіп екі күннен кейін толғағым басталып, ұл босандым», – дейді Қарлығаш.

Ал акушер-дәрігерлер әйелдің жүктілігі әртүрлі болатынын айтады. Бірінде босану ерте болса, кейбіреуі кеш босанып жатады екен.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары