2 ақпан күні Ақмола облысы Бурабай аудандық ауруханасында 10 жасар бала өкпе ауруынан көз жұмды деп жазады NUR.KZ.
4-сынып оқушысын жедел жәрдем бригадасы 1 ақпан күні ауруханаға алып кеткен. Николаевка ауылының тұрғынына дәрігерлер пневмония деген диагноз қойған.
Дәрігерлер баланың туғаннан рахит диагнозымен тіркеуде тұрғанын айтады.
Қайғылы оқиғаның себебін анықтауды аудан әкімдігі өз бақылауын алды.
Оқушы көпбалалы отбасында дүниеге келген. Анасы жұмыссыз.