Ақпан айының 8-інде жоғалып кеткен 2002 жылғы Болат Қожамжар аман-есен табылды.
Полицейлер жеткіншекті қаладағы компьютер клубтарының бірінен тапқан. Болаттың өзі болса бұндай әрекетке әкесі ұрғаны үшін барғанын айтады.
Еске сала кетейік, Болат 8 ақпан күні үйінен шыққаннан кейін қайта оралмаған. Оны соңғы рет таныстары "Еуразия" сауда орталығының маңындағы копьютер клубтан көрген.