$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда әкімдік бос жұмыс орындарға арналған жәрменке ұйымдастырғанымен жұмыс берушілер келмей қойды

27 ақпан күні Ақтау тұрғындары Grand Nur Plaza қонақүйіне жиналғанымен жұмыс ұсынушыларды таппады деп жазады lada.kz.

Ақтау әкімдігі құлақтандырған бос жұмыс орындар жәрменкесі таңертең сағат 10:00-де басталуы керек болған. Алайда жұмыс берушілердің бірде-бірі көзге түспеді. 

«Досымнан жәрменке болатынын естіп келдім. Жұмыссыз жүргеніме жарты жылдай болды. Жұмысқа орналасып кетем бе деп ниеттеніп келіп едім. Бірақ мұнда халықтан басқа ешкім жоқ», - дейді Әбілхайыр Жармұханов. 

Жағдайды шешу үшін жұртпен сөйлесуге қала әкімі Ғалымжан Ниязов келді. Жарты сағат ішінде арнайы көлік халықты 35-шағынауданда орналасқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары