$ 494.87  520.65  4.91

Өзбек кәсіпкері шенеуніктерге ренжіп, тырдай жалаңаш көшеге шықты

Өзбекстанда Әндіжан облысы Асака қаласының тұрғыны 12 наурызда тыр жалаңаш күйі асфальтқа жатып алды. Paynet төлем қабылдау терминалының қожайыны қала билігінің аппаратты алып тастау талабына наразылығын осылай білдірген деп жазады Азаттық.

Жергілікті кәсіпкер жалғыз ғана күнкөріс көзінен айрылып қалғысы келмеген. «Сол күні Асака басшысы Хурсанд қажы кәсіпкерге терминалды алып тастайтынын айтқан. Бұл жігіттің дені сау. Ол осы әрекет арқылы билікке кәсіпкерді жалаңаш қалдыратынын білдіргісі келген», - деді оқиға куәгері.

Қала әкімдігіндегі бір шенеуніктің айтуынша, төлем қабылдау терминалының қожайынына басқа бір кәсіпкерден шағым түскен.

«Сол көшедегі кәсіпкердің бірі қала басшысына шағынданған. Өйткені төлем қабылдау аппараты оның дүкеніне кіретін жерді жауып тұр», – деді шенеунік.

Дереккөз мәліметі бойынша, қала билігі төлем қабылдау терминалына тиіспейтін болды. «Билік үркіп қалды, өйткені мұндай жалаңаштану акциясы Өзбекстанда бірінші рет болып отыр. Жергілікті билік бұл мәліметтің президентке жетуінен қорқады, сонда көптеген адам қызметінен айрылуы мүмкін», – деді жергілікті шенеуніктің бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары