Алматылық маникюр маманы бойжеткеннің тырнағына Қазақстанның мемлекеттік туы мен президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін салып, желі қолданушыларын таң қалдырды.
«Нұр-Сұлтандықтарға жалынды сәлем жолдаймын. Алға Қазақстан! Сіздерге менің жұмысым ұнай ма?»,-деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.