Белгілі әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева Oibay Show жобасының жүргізушісі Мұхит Сапарбаевтың «Қазақстанда секс бар ма?» деген ыңғайсыз сауалына еш қымсынбастан жауап берді. Өнер иесі балалар ауадан пайда болмайды, сен екеуіміз қайдан пайда болдық деп, журналистің өзіне тап берді.
«Неге Қозы-Көрпеш пен Баян сұлуды, Қыз Жібек пен Төлегенді жырлаймыз? Өйткені ол марқұмдар бір-бірімен қосыла алмаған. Ромео мен Джулетта да солай. Егер олар қосылғанда, бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду боп жүретін еді. Ғашықтардың бір-біріне қолы жетпесе, махаббат деген сол»,-деген әнші мәңгілік махаббатқа сенбейтінін де ашып айтты.