«Super Star» байқауынан кейін бағы жанып, сахнаның сәніне айналған Жанар Хамитова өнерден кетіп, 11 жыл бойы беймәлім өмір кешті. Күні кеше «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келіп, жан сырымен бөліскен қазақ қызы шығармашылықпен айналысқысы келетін халыққа ашып айтқан болатын. Әрине, бұл тұста оны сахналық әріптестері қолдап, қол ұшын беруге дайын екендіктерін көрсетті.
Мәселен, әнші Сиви Махмуди Жанар Хамитованы өзінің қол астына жұмысқа алды. Бұл туралы Сиви өзінің Instagram-парақшасында хабарлаған.
«Біз Жанар Хамитовамен бірге сіздерді біздің @marselle_kompleks кешеніне шақырамыз, кездескенше күн жақсы», - деп жазған өнер иесі Жанардың әнші болып жұмыс істейтінін аңғартты.
Еске сала кетейік, «Астарлы ақииқат» бағдарламасына келіп, өткен өмірі туралы айтып берген Жанар Хамитова көрермендердің «қазір күніңді қалай көріп жүрсің?» деген сауалына жауап бергенін жазған болатынбыз. Жанар үй тазалаушысы, ыдыс жуушы болып істейтінін айтты. Алайда, сахналық әріптестері Жанардың шоу-бизнестің адамы екенін айтып, ән айтуды қайта бастауын талап етті.