$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде 10 жасар қызды өгей әкесі зорлап келген

Ақтөбе облысындағы ауылдық округте 10 жастағы қызды өгей әкесі зорлап келген. Жантүршігерлік жағдай ауылдағы шаруа қожалығында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жасөспірімге жасалған қорлық туралы жақында ғана анықталды. Баланың іші ауырып медпункке қаралады. Ол тексеріс кезінде өгей әкесінің қорлығын жылап отырып дәрігерге айтып берген. 

«Қазір 10 жастағы оқушының жағдайына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті деп танылған өгей әкесі сотқа дейінгі тергеу шараларына байланысты қамауда отыр. Бұл жағдай 14 наурыз күні бала ауылдық медпункқа келген кезде белгілі болған», - дейді ауылдық округ әкімі Ұлан Жаналин.

Облыстық полиция департаментің мәліметінше, аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Бұл жағдайға қатысты 120 баптың төртінші тармағымен іс қозғалды», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ауыл әкімінің айтуынша, қыз бала қазір интернатта жатып, сабағына барып жүр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары