Қоғам 19.04.2019 сағат 10:39

Шымкентте дәрігерлер 800 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

 

Шымкентте дәрігерлер 6 айлық болып туылған қыз баланы аман алып қалды. Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбидің салмағы 800 грамм ғана, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкентте дәрігерлер 800 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 800 грамм болып туылған шақалақты дәрігерлер бірден жан сақтау бөліміне жатқызған. Өкпесінің жетілмеуі, барлық ағзасы жетілмей туылып, тыныс алуында қиындықтар болғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Екі ай бойы 800 грамм салмақпен туылған қыз балаға қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері ем-дом жасап, медициналық көмек көрсетті. Нәтижесінде сәби 1820 грамм салмақ жинап, жағдайы жақсарған.

Сәби өздігінен дем алған соң, аппараттан алынып анасының қасына палатаға шығарылған. Ана мен баланың жағдайы жақсарып, перзентханадан үйіне шығарылды.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар