$ 444.22  476.38  4.82

«Қоғам ауруын көрсетті»: Жан Мұқанов «Өз ойымды» қолдап шықты

Белгілі продюсер Жан Мұқанов жалпақ жұрт қарсы болып, жабылуын талап етіп жатқан «7-арнаның» «Өз ойым» бағдарламасын қолдап шықты.  Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған. 

«Расында "Өз ойым" біздің қоғамдағы күйіп тұрған проблеманы көтерді. Біздің елімізде проституция да көп, транс та көп, жезөкшеге ешкім таңғалмайды, айнала ластанып кетті. Ал, Нұрболxанды қолдаушы жұрт осының бәрін көргісі келмейді. Өйткені, ол жаман. Ал, жамандықпен күреспесең, ол өзінен-өзі жоғалып кете ме?»,-деп аталмыш бағдарламаның бағытын қолдайтынын айтады. 

Бір кездері әнші Төреғали Төреәлімен келіспеушіліктен кейін аты шыққан продюсер бұл жолы Нұрболханды сынның астына алған. 

«Мен Нұрболxанды білемін, жақсы танимын, жақсы сатирашы және әдемі әзілкеш ретінде білемін. Оның неге бұлай қайта-қайта бір тақырыпты жаза беруін түсінбеймін. Мүмкін, ол өзіне назар аудартқысы келетін шығар, аудитория жинағысы келетін болар. Бірақ, бұл әдісті мен жігітке лайық деп ойламаймын»,-деген Жан Мұқанов Нұрболханды өзіне назар аударту үшін бағдарламаны сынайды деп есептейді. 

Ол өзінің де үш қыздың әкесі екенін, қоғамдағы мәселелерге ашық қарау керек екенін айтады. 

«Менің «Өз ойымда» келіспейтін бір жерім бар. Ол Сұлтанқызы мен Алмастың студияға келген сондай лас адамдарға оңбаған, көргенсіз, тексіз деп ұрсып, қуып шықпауы. Бірақ, олар олай ете алмайды, олар жүргізуші. Журналистің міндеті xалыққа ақпарат беру ғана, олар сол міндетті орындайды. Олар қоғамда осындай ауру бар деп көрсетті»,-деп қорытындылаған продюсер бейбіт күнде азып бара жатқан қазақ үшін жүрегі ауыратынын жеткізген. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын. Ал, ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен әзілкешті видео-батлға шақырды. Кейін Нұрболхан Instagram-парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын аталмыш бағдарлама продюсерінің артына тығылмай, ашық сөйлесуге шақырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары