2015 жылы Батыс Қазақстан облысында террористік және экстремистік бағыттағы 14 қылмыс ашылған. Сириядағы соғысқа шақырып, "Ислам мемлекеті" ұйымының қатарына қосылуға үгіттеген 8 адам бас бостандықтарынан айырылған. Бұл туралы «NewTimes.kz» тілшісі хабарлап отыр.
Сондай-ақ, облыс прокуратурасының мәліметінше, Ресейден келетін 3 есірткі каналының жолы кесілген. Өзбекстаннан заңсыз еңбек мигранттарын Ресейге алып өтпек болған трансұлттық қылмыстық топтардың мүшелері ұсталып, заң алдында жауапқа тартылыпты. Сонымен қатар, 2015 жылы өңірде тіркелген қылмыс саны 16 пайызға артып отыр.