$ 448.15  483.46  4.86

Шымкент дендросаябағындағы ағаштар түрі 6 есеге қысқарып кеткен

Шымкенттегі дендросаябақта соңғы 30 жылда алғаш рет барлық тал-дараққа санақ жүргізілді. Сонау 1986 жылы дендросаябақ ресми түрде ашылған сәтте бақта ағаш пен бұтаның 1360-тан астам түрі бар еді.

Еске сала кетейік, дендросаябақтың алғашқы жұмыстаны 1979 жылы басталып, 1986 жылға дейін жалғасты. Осы ерекше істің басы-қасында партияның Шымкент обкомитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров жүрді.

Бүгінгі таңда дейін бақта өсіп тұрған ағаш пен бұтаның нақты саны қанша екені туралы дәл ақпарат болмаған. Енді толық санау жұмыстары облыстың әкімдіктің бастамасымен жүргізілді.

Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үш ай бойы ағаштар мен бұталардың түрін ғана емес, әрқайсысы қай жерде өсіп тұрғанына дейін анықтап шықты.

Сонымен, ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының мәліметі бойынша, қазір Шымкенттегі дендросаябақта талдың 213 түрі ғана қалған. Оның 142-сі — тал, 71-і- бұта.

Енді дендросаябақтың қызметкерлері жетпей тұрған ағашты бақтың қорынан алып, орнын толтырмақ. Қазір осындағы тәлімбақта ағаш пен бұтаның бірнеше түрі өсіп келеді.

Otyrar.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары