$ 498.34  519.72  4.85

Тікұшақ апатынан кейін Бас прокуратура санавиация бюджетін тексеруге кірісті

Алматы облысында осыдан екі күн бұрын орын алған тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал, еліміздің бас прокуратурасы «Республикалық санитариялық авиация орталығы» РМК-нің бюджеттік қаражатты пайдалануы және әуе-көлік қызметтерін көрсету заңдылығын сақтауына тексерістер тағайындады. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айта кетейік, аталған оқиға 27 қаңтар күні сағат 16:55 шамасында орын алды. Үшаралдан Талдықорған қаласына бет алған тікұшақ әуежайға небәрі 2 шақырым жетпей жерге құлаған. Оның бортында болған 5 адамның барлығы қайтыс болды. Араларында 2 айлық науқас сәби мен оның анасы да бар. Сондай-ақ, дәрігер мен фельдшер және тікұшақ пилоты да осы қайтыс болғандар қатарында.

Апатқа ұшыраған тікұшақ «Аспан» әуекомпаниясы» АҚ-на тиесілі болған. Аталған факт Үштөбе станциядағы Желілік полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша тіркелді (темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары