$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да есірткі сатумен айналысқан мұғалім сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында есірткінің ауыр түрін таратуға қатысы бар мұғалім сотталды деп жазады Otyrar.kz. Айыпты азамат Мақтарал ауданындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. Тәжікстан азаматымен сыбайлас болған ол серіктесіне есірткінің ауыр түрін тауып беріп, өткізіп отырған.

Ірі көлемде есірткі сатқан оқытушыға үкім облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта оқылды. Спортшы мұғалім кінәсін толығымен мойындап отыр. Ол есірткі өткізуге мәжбүр болғанын айтып ақталды. Айтуынша, әлгі сатып алушының өзі оны осы қылмысқа итермелеген екен.

Жан-жақты тергелген іс барысында есірткіні шекарадан ұстаздың қалай өткізіп отырғаны да анықталды. Тәжікстанда оның туыстары тұратын көрінеді. Соларға барып жүріп айыпты азамат жергілікті такси жүргізушісімен танысқан. Ал, такси жүргізушісі оған есірткі тасымалдау жолын көрсеткен.

Сот процесіне төрағалық еткен судья шешімімен есірткі саудасымен айналысқан ұстаз 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айрылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары