$ 494.87  520.65  4.91

Прокуратура Е.Әубәкіровті өлтірген жауыздың прокурор еместігін айтты

Астанадағы медициналық университеттің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровті айуандықпен өлтірген күдіктілердің бірі прокурор емес және бұрын да прокурор болмаған деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, кеше аталған іс бойынша үш күдіктінің ұсталғандығы айтылған болатын. Олардың бірі экс-прокурор екені де хабарланды. 

"Бұқаралық ақпарат құралдары Астанада Ерасыл Әубәкіровтің мәйіті табылғандығы туралы жарыса жазды. Осы іске қатысты ұсталған үш күдіктінің бірі бұрынғы прокурор екені де айтылды. Осы орайда, қалалық прокуратура қолға түскен 1994 жылғы Нұрбек Әжімбайдың 2015 жылы 29 шілде мен 31 желтоқсан аралығында халықты жұмыспен қамту бағдарламасы аясында Сарыарқа аудандық прокуратурасында еңбек тәжірибесінен өткендігін хабарлайды. Күдікті тек құжаттарды тігу секілді техникалық жұмыстармен айналысқан. Оның еңбекақысы қалалық жұмыспен қамту бөлімі тарапынан төленген" делінген Астана қалалық прокуратурасы таратқан хабарламада.

Естеріңізге салайық, 3 ақпан күні үйінен шығып, қайта оралмаған Ерасыл Әубәкіровтің денесін тәртіп сақшылары 10 ақпан күні кешкі 22:00 шамасында тауып алған болатын. Артынша бұл іске қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. Олар марқұмның аяқ-қолын байлап, қарға көміп тастаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары