$ 444.32  473.33  4.76

Е.Әубәкіровтің өліміне күдікті үшеудің бірі қамауға алынды

Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған үш азаматтың бірін қамауға алды. Бұл жайында Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"А.Мейірбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 7-тармағы 2-тармақшасы бойынша, яғни "Бірнеше адаммен сөз байласу арқылы кісі өлтіру" фактісі бойынша күдікті деп табылып, қамауға алынды" делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге салайық, полицейлер 3 ақпан күні із-түссіз жоғалып кеткен Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін Астана қаласының маңынан 10 ақпан күні түнде тапқан болатын. Туыстары оның өзі туған Өскемен қаласында жерленетінін мәлімдеді. 

Аталған қылмыс бойынша полицейлер кеше үш күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары