16.02.2016, 03:24

Шымкентте мектепке қарумен келген оқушы ұсталды

Шымкентте жасөспірімдер арасындағы қылмыс былтырмен салыстырғанда өскен. 2015 жылы осы уақытқа дейін 6 қылмыс тіркелсе, биыл 17-ге жетіп отыр деп жазады Otyrar.kz.

Сондай қылмыстардың бірін күні кеше жергілікті полиция өкілдері ашты. Қаладағы №9 мектеп-лицейінің оқушысы оқу ғимаратында қарумен жүрген жерінен ұсталды. Оны мектеп инспеторы байқаған. Оқушыдан ОСА маркалы травматикалық қару тәркіленіп алынды. Қарудың оқтары да бар.

Дереу мектепке оқушының ата-анасы шақыртылып, одан кейін жергілікті полиция бөлімге әкететін болып шешілді. Әзірге таңда жеткіншектің не себептен мектепке қару алып келгені белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүруде.