$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев мадақ жырын жолдаған тәжік азаматына шапан жапты

Фархор ауданында тұратын 62 жастағы ақын мадақ өлеңдері үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сыйлық алуды күтпегенін айтады. Бұл жайында "Орталық Азия жаңалықтары" хабарлап отыр.

 

Саиджалол Каримзода Қазақстан президентіне арнаған өлеңдері үшін шапан, қалпақ, Қазақстанның елтаңбасы және 1000 сомони көлеміндегі ақшаны сыйлыққа алды.

Фархор ауданы Ватан жамағатының Доманакух қышлағында тұратын Саиджалол Каримзода қарапайым өлең жолдарын былтыр жазда шығарып, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына поштамен салып жіберген.

«Мен ешқандай сыйлық күтпедім. Өйткені өлеңдерім үшін ештеңе дәметіп көрген емеспін. Сондықтан бұл күтпеген жай болды. Жалпы Назарбаевты өз басым ең әділ билеуші санаймын, сондықтан оған өлең арнадым», - дейді ол.

Саиджалол Каримзоданың қазақ президенті туралы өлеңдері өте қарапайым және ол халық ауыз әдебиетіндегі жеңіл шумақтарға ұқсайды.

Дегенмен Қазақстан президентінің әкімшілігі Тәжікстандағы қазақ елшілігі арқылы сыйлықтар беріп жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары