$ 498.34  519.72  4.85

"Эйр Астана" пилоты ұшақты есірткі пайдаланып ұшырған

"Эйр Астана" әуе компаниясының пилоты Роман Быков Мәскеуден Алматыға ұшып келе салысымен әуежайда ұсталды. Кеден қызметкерлері оның өзімен бірге есірткі затын тасымалдағанын анықтаған. Ұшқыштың өзі болса бірнеше жылдан бері есірткіге әуестеніп жүргенін жасырған жоқ.

Күдіктіні ұстауға қызметтік ит көмектескен. Әуежайда жүктерін алуға кезекке тұрғандарды біртіндеп иіскеп шыққан мақұлық ұшқыштың жанына келіп біраз кідіріпті. Быковты кеден қызметкерлерімен бірге полицейлер де тінтіп, оның қалтасынан көк түсті целофан қалта алып шыққан. Күдікті зат сараптамаға жеткізіліп, оның ішінде марихуана бар екені анықталды. Пилоттың қанын тексерген дәрігерлер де оның есірткі пайдаланғанын растап отыр.

Тергеу барысында белгілі болғандай, Быков соңғы үш жыл бойына есірткіге еліткен. Тіпті, ұшардың алдында да ол марихуана шегіп жолға шығады екен. Қазіргі таңда полицейлер тергеу амалдарын жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары