$ 498.34  519.72  4.85

Айым Ұлтомбаеваның өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

8 ай бойы жоғалып, өткен аптада мәйіті табылған 14 жасар Айым Ұлтомбаеваның өліміне қатысты тың деректер айтылуда. Тергеудің барысы белгісіз себептермен әлеуметтік желілерде жарияланып кеткен деп хабарлайды YK-news.kz.

Аталған деректерге сәйкес, 23 жастағы күдікті спирттік ішімдікке тойып алып, түнгі екілер шамасында Айым тұрған үйдің терезесін ұрған. Есіктен шыққан жеткіншек қызға ол тап беріп, оны қылқындырып өлтіріпті. Мәйіттен құтылу үшін қыздың денесін қаланың сыртына апарып, қоқыстармен көміп тастаған. Күдіктінің не үшін мұндай қадамға барғаны қазір анықталып жатыр.

Естеріңізге салайық, Айым Ұлтомбаева өткен жылдың қыркүйек айында өзі тұратын Шар қаласында жоғалып кеткен болатын. Жергілікті тұрғындардың бірі оның мәйітін өткен аптада қала шетінен тауып алды. Араға бір тәулік салмай полицейлер осы іске қатысты күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстағанын хабарлаған. Айтуларынша, ұсталған азамат өзге қылмыс жасап қолға түскен екен. Тергеу барысында оның кісі өліміне қатысы бар екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары