$ 498.34  519.72  4.85

Көпбалалы ана сәбиін аштан өлтірмек болған

Әбден ашыққан сәби аурухананың жансақтау бөліміне небәрі 3 келі болып түскен. Өз жасында ол екі есеге ауыр болуы тиіс дейді дәрігерлер. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлады.

Ақмола облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, қазір науқас баланы күніне 8 рет тамақтандырады екен. Салмағы бес келіден асып, жағдайы да айтарлықтай жақсарып қалыпты.

"Нәресте өзін жақсы сезініп жатыр, күлетін болды, салмағы мен бойы да өсті. Негізінен қолдан жасалған ана сүтін ішеді, барлық шығын мемлекеттің есебінен. Ата-анасы балаға ешнәрсе алып келмейді", – дейді аурухана қызметкерлері.

Дәрігерлердің айтуынша, сәби туған кезінен ана сүтін емес, жасанды сүтпен қоректенген. Мемлекеттің бөлген осынау сүтін отбасындағы өзге балалар ішіп қоя бергендіктен, ол жиі аш қалады екен.

Науқас бала үш айлық кезінде де ашқұрсақ болып ауруханадан бір-ақ шыққан көрінеді. Ол кезде дәрігерлер оны емдеп, қарнын тойғызып, анасымен үйіне жіберген. Енді, араға көп уақыт салмай дәл осындай жағдай тағы қайталанып отыр. Қазір сот оның анасын аналық құқығынан жарты жылға айырған. Осы уақыт аралығында көпбалалы әйел оңалуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары