$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордада қойнауы мұнайға толы жер Olx порталы арқылы сатылып жатыр

Алып-сатуға арналған қазақстандық Olx порталында Қызылорда облысындағы мұнай кенішінің сатылатыны туралы жарнама пайда болды. Кеніші қара алтынға толы жері үшін жеке тұлға 8 миллион доллар немесе 2 млрд 918 млн 320 мың теңге сұрап отыр. Тіпті, алғысы келген адаммен саудаласуға дайынмын дейді ол.

"Бұрын ешкім бұрғыламаған, мұнайын игермеген. Біз өзіміз демеуші іздеп көрдік, бірақ, ешкім табыла қоймады. Сондықтан, сату үшін жарнамалап отырмыз. Жер Құмкөл трассасындағы "Казма" компаниясынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Жердің кенішіне барлау жұмыстары Кеңес одағының тұсында жүргізілген. Ол кездегі құжаттардың бәрі қолымызда бар. Жер жекеменшік иелігінде", - дейді Рустам Рыспеков есімді жарнама беруші.

Оның айтуынша, сатылып жатқан жерде инфрақұрылымның ешқандай түрі жоқ. Алайда, электр қуаты мен суды жақын маңнан жүргізуге болады.

"Электр қуаты мен су 25 шақырым қашықтықта бар. Басты трасса 30 шақырым, теміржол 175 шақырым қашықтықта орналасқан. Сатып алушы табылып жатса сатамыз, инвестор табылса ақылдасуға дайынбыз", - дейді Р.Рыспеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары