Кешелі бері WhatsApp мессенджері арқылы "қолдан-қолға" тарап жатқан қазақстандық трансвеститтер туралы бейнероликке полицейлер жауап қатты. Видеоматериалдағы диалогқа қарағанда, оқиға Қарағандыда орын алған.
Қыздарша киінген төрт жас жігітті белгісіз біреулер тергеп, әңгіме барысында қол да жұмсайды. Төртеудің екеуі өздерінің Қостанайдан, бірі Астанадан және соңғысы Павлодар облысынан Қарағандыға қыдырып келгенін айтып, таныстырған. Сөздеріне қарағанда, жезөкшелікпен айналысатын көрінеді. Барлығы да 20 мен 23 жас аралығындағы азаматтар.
Қарағанды облыстық ІІД өкілдері болса орын алған осынау жайтқа байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
"Біздің қызметкерлер мұндай жас азаматтарды ұстамаған. Видеоны қазір тексеріп жатырмыз. Қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда хабарлайтын боламыз", - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.