$ 498.34  519.72  4.85

Атыраулық экс-полицейдің атышулы хатынан кейін ішкі істер органдарында жаппай тексеру басталды

Атырауда кісі өлтіргені үшін сотталған экс-полицей Манарбек Өтеуовтің атышулы хатынан кейін бірнеше полицейдің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

Заң органының хабарлауынша, 2016 жылдың 10 тамызында Атырау қалалық №2 соты судьясының санкциясымен астаналық 1992 жылғы тергеуші қамауға алынған.

"Тергеуші Атырау қалалық ІІБ-де қызметте жүрген кезде өз қызметін асыра пайдаланып, жазықсыз азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартқан", - делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге салайық, Өзбекстан азаматын өлтіргені үшін ұзақ жылға сотталған Манарбек Өтеуовтің тергеу абақтысында жазған хаты әлеуметтік желілер арқылы тарап, қоғамда үлкен шу туғызған еді. Ол өз хатында басшыларын, әріптестерін ұйымдасқан қылмыстық топ құрған деп айыптаған.

Осы хаттан кейін ҚР Бас прокуратурасы ішінен арнайы тергеу тобы құрылып, атыраулық полицейлердің әрекеттерін тексеріп жатыр. Хатта көрсетілген деректердің барлығының рас-өтірігі анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары