$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда зорланған 6 жасар қыз өлім аузынан қалды

Ақтауда педофил 6 жасар қызды ұрлап, оны зорлап кеткен деп хабарлайды Тумба.kz. Оқиға 20 тамыз күні күндізгі уақытта №1 шағын ауданда орын алған.

Басылымның жазуынша, таңертең кішкентай қыз апасымен еріп дүкенге жұмысқа келген. Ойын баласы әжесінен аулаға шығып, ойнап келуді әбден өтініпті.

"Бүлдіршін далаға шығамын деп апасынан әбден сұранған. Жамандықты іші сезген әйел қызды жалғыз жібермей, оның әкесін, яғни өзінің ұлын телефон арқылы үйінен шақыртыпты. Өкінішке қарай, әйел баласы келемін дегенше немересінен көз жазып қалған. Ол ұшты-күйлі жоғалыпты. Алдымен өзі іздеп көріп, нәтиже болмаған соң полицияға арызданған", - делінген аталған материалда.

Әжесі мен әкесі бүлдіршінді 2,5 сағат бойы өздігімен іздепті. Алайда, сағат 13:30 шамасында олар іздеуден нәтиже шығара алмай, тәртіп сақшыларына хабар берген екен. Жоғалған сәбиді іздеуге Маңғыстау облыстық ІІД-нің жеке құрам қызметкерлері түгел жұмылдырылды. Сағат 17:30 шамасында әбден қансыраған және басынан күн өткен қызды полицейлер "Нұр Плаза" жағажайына қарсы орналасқан саяжайдан тауып алды. Ол дереу облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай бірнеше күдіктіні қолға түсіріп отыр. Қазіргі таңда оларды тергеу амалдары және сот медициналық талдау жүріп жатыр. Соңғысы нағыз педофилдің кім екенін анықтап береді.

Ал, дәрігерлер болса сәбидің өлім аузынан қалғанын айтып отыр. Егер 30 минут кеш табылса қызды аман алып қалу мүмкін болмас еді дейді олар. Lada.kz порталының хабарлауынша, жәбірленуші қазір аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде ем қабылдап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары