$ 443.37  474.49  4.83

Батыс облыстарда ұсталған лаңкестердің салафит болғаны анықталды

Кеше Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысында радикалды үш топтың жолы кесілгендігі туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының айтуынша, ұсталған 21 содырдың бәрі салафизм ағымын ұстанушылардан болған. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазды.

"Бұл топтар бір-бірімен байланыста болмаған. Егер біз терроризм дерегі бойынша ұстасақ, онда олардың лаңкестік әрекет жасамақ болғаны анық, яғни құқық қорғау органдарына шабуыл жасауды жоспарлаған, бұл нақты ақпарат.", - деді ҚР ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, радикалдарды ұстау операциясы кезінде ешкім жарақат алмаған.

"Ешкім жарақат алмады. Бәрі де Қазақстанның азаматтары, олар салафизм ағымын ұстанушылардың қатарынан. Бір-бірімен байланысы жоқ", - деп атап өтті комитет төрағасы.

Естеріңізге салайық, маусым мен шілде айларында Ақтөбе мен Алматыда салафизм идеясын ұстанушылар лаңкестік әрекеттер жасаған болатын. Қос терактінің салдарынан 15 адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары