$ 494.87  520.65  4.91

CTS Қабанбай даңғылында автобус жолағын қайта енгізуге мәжбүр

Нұр-Сұлтан қаласындағы тағы 15 жолда Bus Lane арнайы жолағын енгізу жоспарда бар.

Нұр-Сұлтан қаласындағы тағы 15 жолда Bus Lane арнайы жолағын енгізу жоспарда бар. Олардың жалпы ұзындығы 42,3 шақырымды құрайды, деп хабарлайды cts_kz.

2021-2022 жылдарда қоғамдық көлікке арналған Bus Lane жолағы А.Байтұрсынов, Ж.Нәжімеденов, Қ.Мұхамедханов, Түркістан көшелері, Жеңіс, Абылай хан, Қабанбай батыр, Тұран, Б.Момышұлы, Тәуелсіздік (3-бөлігі), Ұлы Дала, Мәңгілік Ел, Р.Қошқарбаев даңғылдарында іске қосылады.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 21 жолда ұзындығы 51 шақырымдық автобус желісі бар. Bus Lane арқылы қоғамдық көлік құралдарының жүру тиімділігі 25%-ға жетеді және жол жүру уақытын 12,5 минутқа қысқартады. Бұдан бөлек, Түркістан көшесіндегі бөлу жолағы алынып тасталып, қала орталығына қарай ауыстырылады.

Еске сала кетейік, былтыр 12 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Қабанбай даңғылынан автобус жолағы алынып тасталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары