$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте 280 көпқабатты үйге әлі жылу берілген жоқ

Шымкентте 280 көпқабатты үй мен 20-ға жуық әлеуметтік маңызды нысанға әлі күнге дейін жылу берілмеген деп хабарлайды Otyrar.kz. Мұндай мәліметті жылу тасымалдаушы компаниялар мәлімдеген.

Жауапты мекеме басшыларының уәдесі бойынша, аталған нысандардың дені бүгіннен бастап жылуға қосылуы тиіс. Алайда, бұл уәде орындалмай қалуы ықтимал. Өйткені, 11-ші шағынауданда жылу құбырында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған.

Оның үстіне, жылу беру маусымы басталғалы бері қаланың 20 жеріндегі жылу құбырлары жарылып, апатты жағдай туғызыпты. Мамандар бұл ақаудың барлығы бір күннің ішінде ретке келтіреміз деп отыр. Жалпы, алдағы бірнеше күн ішінде облыс орталығы толық жылумен қамтамасыз етіледі дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары